fbpx
Іздеу мұнда:
+7 (727) 346 96 30
ПН- ПТ: 09:00 - 18:00
Неге Бонтел

Адам мен өрттің қарым-қатынасындағы жаңа дәуір

Егер сіз мектептегі өмір қауіпсіздігі сабақтарын ұмытпасаңыз, онда сіз өртті қандай екі жолмен сөндіретінін білесіз: «сыртқы» – өрт ошағына бірнәрсені құйығанда немесе көмгенде, және «көлемді» – өрттің таралуына оттегіні ығыстырып жол бермейтін кезде.

Өмір қауіпсіздігі туралы сабақтарына жаңа қызық толықтықтарды қосуға уақыт келді. Осы екі сөндіру тәсілінің артықшылықтарын біріктіретін – сыртқы-көлемді өртті өшіру тәсілі. Бұл сыртқы-көлемді сөндіру және ол BONTEL өрт сөндірушілері нарыққа шыққан кезде пайда болды.

Ең бастысы сіз келесі туралы білуіңіз керек: өрт болған жағдайда өрт сөндірушілерді күтудің қажеті жоқ. BONTEL сізге қымбат нәрселерді толықтай жоюға мүмкіндік бермей, тез және өздінен өртті жеңе алады.

Өрт сөндіруге арналған әдеттегі «қарудан» айырмашылығы, BONTEL өрт сөндіргіштері мен капсулалары бірнеше бағыт бойынша бірден жұмыс істейді, сондықтан да бізді және біздің мүлікті сенімді түрде өрттен қорғайды. Құпия – сөндірудің аралас әдісінде.

 

Бұл қалай жұмыс істейді?

 

1 жағдай

Сіз аяқ киім дүкенінің иесі болып табыласыз. Сіздің иелігіңізде жаттығу залы сияқты, шамамен 450 м2 алаң бар. Аяқ киімі бар және жоқ мыңдаған картон қораптар. Сіз өрт бақылаудың барлық талаптарын сақтайсыз, бірақ бір күні электр сымдары жүктеуді шыдамай, нөлдік терминалда сымдар қызып кетіп, қойманың төрттен бірі жалын қаптап кетті.

Есікке ілінетін ұнтақ өрт сөндіргіштерімен сөндіру тым кеш. Сіздің әрекеттеріңіз? Қызметкерлерді эвакуациялау, 01-ге қоңырау шалу, өрт сөндірушілердің келуін күтіп, келесі күні өрт пен судың залалын есептеу. Тіпті сақтандыру төлемдерін ескере отырып та, шығындар жарты жылдық табысқа тең.

2 жағдай

Сіз тура сол аяқ киім дүкенінің иесісіз және сіз бірінші жағдайда сияқты сымдар себебінен сәтсіздікке ұшырадыңыз. Бірақ бөлменің периметрі бойынша сіз BONTEL өрт сөндіру құрылғыларын орнаттыңыз, сондықтан сыни уақытта келесі жағдайлар болады:

– Қойма өте ыстық болады: температура Цельсий бойынша 90 градусқа жетеді. BONTEL сұйықтығына толы ампулада реакция басталады, ішіндегі қысым артады. Ампула ішіндегі сұйықтықтың температурасы 90 ° C-қа жеткенде, ол бұзылып, ішіндегі құрамын өрт ошағының үстіне шашырайды.

– Қызған кезде, сұйықтықтың бір бөлігі буланады – газға айналып оттекті белсенді түрде ығыстыра бастайды. Өрттен оның «тамағын» алып, оны сыртқа шығуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл дегеніміз, егер адам бөлмеде қалса, ол тұншыға бастайтынын білдірмейді – газ оттегіні толығымен ығыстырмай, адамға тыныс алуға жеткілікті көлем қалады.

– Сұйықтықтың бәрі де буланбайды – оның негізгі массасы бөлме айналасында шашылып, жанып тұрған беттерге түседі. Және осы сәтте ең маңызды және ғажайып нәрсе болады: өрт сөндіргіш құрам сұйықтықтан отты жауып, оны суытатын қабыққа айналады.

Өрт сөндірілді: оған қайта өртенуге күш жоқ. Бұдан басқа, қабық барлық от ошақтарын жауып тастайды, оттың қайта жануға мүмкіндігі жоқ.

 

Таңғаларлық сұйқтықтың қасиеттері

Адамға, қоршаған ортаға және технологияға зиянсыз

Егер сіз жанған қоймаға өрт болғаннан күннен бір тәуліктен кейін кірсеңіз, онда сіз мүлігіңізді ірі залалдан құтқарған қабықтын іздерін таба алмайсыз. Ол жай жоғалып кетеді.

Құпия келесіде: біз BONTEL өрт сөндіру құралын органикалық материалдан жасаймыз, сондықтан сөндірілген беттің үстінде биоыдыралатын қабық пайда болады.

Өрттің тағы бір жағымсыз салдары – түтіннен кейінгі бүкіл бетке қонатын күйік, бықсық және құрым. BONTEL-мен бәрі басқаша – ол арнайы шашырау әдісі арқылы түтіннің қондырылуына жол бермейді: сөндіретін зат «су тұманын» қалыптастырып, кішкентай тамшылармен шашырайды.

Осы қасиеттердің арқасында біздің өрт сөндіру жүйелеріміз қоймалар мен басқа коммерциялық үй-жайларға ғана емес, ауруханаларға, балабақшаларға, мектептерге, кеңселерге және көптеген адамдар жиналатын жерлерге де жарамды.

Тиімділігі жоғары BONTEL сұйық өрт сөндіру құрамы компания

өнімдерінің негізгісі болып табылады

BONTEL компания тобы BONTEL сауда маркасы негізінде өрт сөндіретін жоғары тиімді заттар мен өртке қарсы жабдықтарды әзірлеу және оларды енгізу жұмыстарымен айналысады.

Тиімділік жүзеге асырылады:

Жер бетінің суытуы, жалынсыз ошақтың

қайта жануына кедергі келтіруі

Оттегінің жану аймағынан

белсенді түрде ығыстырылуы

Қайта тұтанудың алдын алатын,

қорғаныш қабатының қалыптастырылуы

Соңында

Басқа жүйелермен салыстырғанда, жоғары тиімділік, өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын өрт сөндіру құралдарының аз тұтынылуы.

Сонымен бірге

Экология және адам үшін

толық қауіпсіздік.