fbpx
Іздеу мұнда:
+7 (727) 346 96 30
ПН- ПТ: 09:00 - 18:00
Бонтел туралы

BONTEL – бірегей өрт қауіпсіздік технологиясы

Өндіріс және инженерлік БОНТЕЛ (БОНТЕЛ КТ) компаниясының тобы 10 жылдан астам уақыт бойы нарықта бар және өрт қауіпсіздік стандарттарына саласындағы заманауи жоғары технологиялық шешімдерді енгізуде және әскери азаматтық және өнеркәсіптік объектілерінде кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз етуінде маманданған.

БОНТЕЛ КТ бірегей сұйық өрт сөндіру құрамы негізінде эксклюзивті БОНТЕЛ өрт сөндіргіш өнімнің өндірушісі болып табылады. Өнім толығымен Ресейде шығарылып, өрт қауіпсіздігі саласындағы сертификатталған және заманауи талаптарға сәйкес келеді. БОНТЕЛ компаниясының негізгі артықшылықтары экологиялық қауіпсіздік, өрт сөндіретін құрамның аз мөлшерімен құрамдастырылған, өрт сөндірудің жоғары тиімді әдісі және ұзақ қызмет мерзімі болып табылады.

BONTEL тарихы

Ресей мен Қазақстанда  (Останкино мұнарасы, Манеж, «Адем» сауда орталығы, «Esentai Mall», бизнес-орталықтар, үйлер т.б.) түрлі масштабты объектілерінде болған ірі өрт ескірген өртке қарсы жабдықтардың жетілмегендігімен байланысты жаһандық мәселені көрсетті. Осы ғасырдың басында корпоративтік және мемлекеттік меншіктің, азаматтардың өмірі мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін, өрт сөндірудің неғұрлым тиімді құралдарының даму мәселесі көтерілді.

Осы мәселеге ең табысты және технологиялық жауап ресейлік БОНТЕЛ компаниялар тобының инновациялық дамуы болды. БОНТЕЛ тобының мамандары әлемде ұқсастығы жоқ, кез келген кезеңдегі өртті сөндіре алатын органикалық сұйықтықты жарыққа шығарды

2007 жылдан бастап, өз ноу-хау негізінде, БОНТЕЛ компаниясының тобы ең жоғарғы халықаралық өрт қауіпсіздігі стандарттарына сай BONTEL бренд атауы негізінде кең ауқымды өрт сөндірушілерді дамыту, жетілдіру, енгізу жұмыстарын жүргізеді.

BONTEL өнімдерінің жоғары сапасы туралы бүгінгі күні компанияның негізгі клиенттері айта алады –

Toyota зауыты, X5 Retail Group компаниясының дүкендер желісі («Перекресток», «Пятерочка»), Австралия елшілігі, Европейский сауда орталығы, Мәскеу Кредит Банкі, «Украина» қонақ үйі, «Энергия» зымыран-ғарыштық корпорациясы, Мемлекеттік «Эрмитаж», МКК «Мәскеу Метрополитені», МКК «Петербор Метрополитені», мемлекеттік және жеке сектордың басқа да компаниялары.

2017 жылы БОНТЕЛ КТ Алматы қаласындағы орталық штаб-пәтер ашуымен, Орталық Азия нарығына толығымен шығуды шешті. Бұл үшін BONTEL өнімдерінің сапасы ҚР ІІМ ТЖК ӨҚ ж АҚ ҒЗИ АҚ толық ауқымды бірқатар тестілеуінде дәлелденді.

Орта азиялық Бонтел штаб-пәтері жоспарларында – әлеуметтік, мәдени, өндірістік, сауда және т.б. адамдар көп жиналатын жерлердегі меншік және қоғамдық денсаулық сақтау қорғауды талап ететін орындарда жобаларды іске асыру.

БОНТЕЛ тобының маңыздығы бойынша кем емес қызметі – сенімді, берік және пайдалануға оңай, орташа тұтынушыға бағытталған өнімдерді өндіру болып табылады. Өнімдердің жоғары тиімділігімен қатар біздің өнімге декоративті қасиеттер де тән. Сондықтан оны қауіпсіздікті этикамен байланыстыра, үй-жай интерьерлерінде қолдануға да болады.

Бонтел компаниясының миссиясы

Өмір мен мүлікті өрттің жағымсыз әсерінен қорғап, заманауи және оңай қолданылатын қорғаныс құралдарын жасау.

Негізгі даму бағыттары

1

– Корпоративтік сату сегментін кеңейту – Бөлшек сату сегментін кеңейту

2

Операциялық тиімділікті арттыру: – өндірістік қуаттарды дамыту – аймақтық сату жүйесін дамыту

3

Өнім желісін кеңейту, жаңа өнім сегменттеріне қол жеткізу

Біріктірілген өрт сөндіру принципі

Бірегей BONTEL өрт сөндіргішінің құрамы басқа өрт сөндіргіштердің құрамына қарағанда, біріктірілген өрт сөндіруші құрамымен ерекшеленеді.

Сұйықтық қызып бастаған кезде, оның бөлігі газ түріне айналады. Ол оттегіні жану аймағынан белсенді түрде ығыстыра бастайды. Бірақ адам өмір сүруіне қажетті оттегі көлемі үй-жайда қалады.

Сұйықтықтың біраз көлемі жанып жатқан аймаққа жеткенде, қабықша құрап, суытқыш әсер етіп, сұйықтық сатысында қалады. Бұл өрттің, жалынсыз ошақтың қайта жануына кедергі етеді.

Біздің өрт сөгдіргіш құрам органикалық құрамды болғандықтан, өрт сөндірілген жерде қабықша құралғаннан соң, ол 24 сағат ішінде ыдырайды.

Ол сондай-ақ адам, қоршаған орта, техникаға зиян келтірмейтіндіктен ауруханаларда, балабақшаларда, мектептерде, адамдар көп жиналатын орындарда біздің жүйемізді пайдалануға мүмкіндік береді.

Біз өзіміздің өрт қорғау жүйелерімізде тек жоғары сапалы материалдар мен соңғы инновациялық зертемелерді пайдаланамыз.

Біздің өнімдер соңғы өзгерістер бірі – аспалы модуль жүйесіндегі спринклерді суландырғыштың өзгеруі. Бұл суландырғыштарда біз тозаңдатқыш себеттен толығыммен бас тарттық. Оның орнына басқа элемент енгіздік. Бұл нәтижелі өрт сөндіретін аймақ көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біздің өрт сөндіру жүйелерін қолдану кезінде суландыру “сулы тұман” ретінде болады. Осындай өрт сөндіргіш құрамының жұқа шашыруы кезінде, түтіннің бірқатар басылуы байқалады.

Біздің мақаламызда аралас өрт сөндіру принципі туралы көбірек білуге болады.

Тиімділігі жоғары BONTEL сұйық өрт сөндіру құрамы компания өнімдерінің негізгісі болып табылады

BONTEL компания тобы BONTEL сауда маркасы негізінде өрт сөндіретін жоғары тиімді заттар мен өртке қарсы жабдықтарды әзірлеу және оларды енгізу жұмыстарымен айналысады.

Тиімділік жүзеге асырылады:

Жер бетінің суытуы, жалынсыз ошақтың

қайта жануына кедергі келтіруі

Оттегінің жану аймағынан

белсенді түрде ығыстырылуы

Қайта тұтанудың алдын алатын,

қорғаныш қабатының

қалыптастырылуы

Соңында

Басқа жүйелермен салыстырғанда, жоғары тиімділік, өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын өрт сөндіру құралдарының аз тұтынылуы.

Сонымен бірге

Экология және адам

үшін толық қауіпсіздік.